2022 жылы Әуезов ауданында жаңа жекеменшік мектеп ашылады

2022 жылы Әуезов ауданында жаңа жекеменшік мектеп ашылады
Сурет: Inbusiness.kz

Екі жаңа мектептің құрылыс басталады.

Үстіміздегі жылы Алматының Әуезов ауданында жаңа жекеменшік мектеп ашылып, екі мектептің құрылысы басталады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев шаһар тұрғындарымен болған кездесу барасында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әкімнің айтуынша, алдағы уақытта 1200 оқушыға арналған мектеп салу үшін қосымша жер участкісін сатып алу жұмыстарын жүргізеді. Қаладағы  ескі №72 мектептің орнына жаңа мектеп салу көзделіп отыр.  Бұл мектеп 1960 жылы алынған жәні бұл мактеп апатты жағдайда тұрған мектеп болып саналады.

«Әуезов ауданың өзекті мәселесіне мектепке дейінге білім алу мәселесі жатады. Бүгінгі таңда балабақша барғысы келетін 8 047 бала кезекте тұр. Бұл 1 жаспен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндер», - деді қала әкімі.

Әкімнің айтуынша, осы жылы жеке инвестиция есебінен 800 орындық 10 жекеменшік балабақша ашу жоспарланып, жаңа қалалық балабақшаның құрылысына ЖСҚ әзірленуде.