Женевада Қазақстанның төрағалығымен Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші министрлік конференциясы өтуде

Женевада Қазақстанның төрағалығымен Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші министрлік конференциясы өтуде
Сурет: Qazaqtv.com

164 елдің делегациясы бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерін талқылау үшін жиналды.

Бұл – балық шаруашылығын субсидиялау, ауыл шаруашылығы, пандемияға қатысты іс-қимыл, аз дамыған елдердің проблемалары және азық-түлік қауіпсіздігі бойынша мәселелер, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

"Біріншіден, бұл - Дүниежүзілік сауда ұйымының пандемияға берген жауабы. Бұл жердегі әңгіме дәрі-дәрмекті автоматты түрде лицензиялау, Ұйымның интеллектуалды меншік бойынша ережелерін жеңілдету туралы болып отыр. Яғни бір елде жасалған вакциналарды аз талаппен басқа мемлекеттерге таратуға мүмкіндік берілмек. Екіншіден, әрине, азық-түлік мәселесі. Кейбір елдер өз мүддесін бірінші орынға қойып, астық, күріш, май және басқа өнімдерге экспорттық шектеу қоюға ұмтылады. Соның алдын алу үшін Дүниежүзілік сауда ұйымы тиісті Декларация қабылдауды жоспарлап отыр", - деді ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов.

Айта кетейік, 12-ші министрлік конференциясы Женевада 16 маусымға дейін жалғасады.