Канделаки Қазақстанға кіре алмайды

Канделаки Қазақстанға кіре алмайды
Сурет: Gov.kz

Ол өзінің Telegram-арнасында Қазақстанда орыс тілінің мемлекеттік деңгейде ығыстырылып жатқанын жазған.

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, егер ресейлік тележүргізуші елімізге келуді жоспарласа, оған кіруге рұқсат берілмейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

СІМ өкілі мұндай шаралар қажет кезде жасалып жатқанын айтып, журналистерден дәл қазір талап етпеуді сұрады. Айбек Смадияров тележүргізушінің ескертуі назардан тыс қалмайтынын атап өтті.

"Ел мұны ешқашан кешірмейді, ол келмейтін шығар, бірақ ол келгісі келсе, оны кіргізбейді", деді Айбек Смадияров.

Тина Канделакидің мәлімдемесіне "Уральск" вокзалының атауын "Орал" және "Узен" стансасының "Жаңаөзен" деп өзгертілуі себеп болған.