Ғалымдар COVID-19 күресудің жаңа әдісін ойлап тапты

Ғалымдар COVID-19 күресудің жаңа әдісін ойлап тапты
Сурет: Vesti.ru

Мамандар жаңа наножүйенің болашағы зор дегенді айтады.

Дьюк университетінің ғалымдары SARS-Cov-2-мен күресу үшін белгілі бір гендерді мақсатты түрде өшіре алатын CRISPR/Cas13 геномды редакциялау технологиясын қолдану әдісін ойлап тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап..

"Тышқандарда жүргізілген тұжырымдаманы тексеру эксперименттерінде қазіргі уақытта қолжетімді модификацияланған липидті нанобөлшектер SARS-CoV-2 инфекциясы үшін өкпеде қолайсыз орта тудыратын CRISPR/Cas13 арнайы матрицалы РНҚ-ны жеткізу үшін қолданылды", - дейді ғалымдар.

Ғалымдар катепсин L немесе CTSL деп аталатын ақуызды ыдырататын өкпеде көп кездесетін және вирустың адам жасушаларына енуіне мүмкіндік беретін фермент протеазға назар аударды.

CRISPR/Cas13 матрицалық РНҚ көктамыр ішіне енгізгеннен кейін жануарлардың өкпесінде CTSL концентрациясын төмендетіп, SARS-CoV-2 вирусының жасушаларға енуін тиімді және қауіпсіз түрде тоқтатты, нәтижесінде өңделген жануарлардың өмір сүру деңгейі жоғары болды.

Жұқтырған жануарларға жүргізілген әрі қарайғы тәжірибелер CRISPR жүктелген нанобөлшектер COVID инфекциясы бар жануарлардың өкпесіндегі вирустық жүктемені азайтатынын және өлімге әкелетін "иммундық дауылды" басатынын көрсетті.

Сондай-ақ, бұл наножүйені болашақта В гепатиті сияқты басқа вирустармен жұқтыруға бағыттау үшін оңай бейімдеуге болады деп болжанады.