Алматылық оқушылар мен студенттер офлайн форматта оқиды

Алматылық оқушылар мен студенттер  офлайн форматта оқиды
Сурет: Egemen.kz

Штаттық форматта оқуға рұқсат етіледі.

Алматы қаласы бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Сәдуақас Байғабыловтың жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, дүйсенбі, 14 ақпаннан, бастап мектеп оқушылары, колледж және университет студенттері офлайн форматта оқиды.

 «Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарына штаттық форматта оқуға рұқсат етіледі», - делінген қаулыда.

Бұған дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкіметтің кеңейтілген отырысында барлық мектептерде оқу офлайн режимге ауысатыны туралы айтқан болатын.