Қаладағы кейбір дәріханаларда құрамында есірткі бар препараттар кедергісіз сатылады

Қаладағы кейбір дәріханаларда құрамында есірткі бар препараттар кедергісіз сатылады
Сурет: Egemen.kz

Алматыдағы дәріханаларда есірткі заттарын сатудың екі фактісі анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Алматы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетовтің айтуынша, қаладағы кейбір дәріханаларда құрамында есірткі бар препараттар кедергісіз сатылады.

«Айнабұлақ шағынауданындағы бөлімшенің екі қызметкері Жетісу аудандық ПІБ әріптестерімен бірге 28 жастағы азаматты ұстады. Ұсталушының айтуынша, ол препаратты аудандағы дәріханалардың бірінен сатып алған. «Дәріханалық есірткінің» тағы бір әуесқойы қаланың Алатау ауданында ұсталды. 20 жастағы азамат тамшы препаратын рецептісіз сатып алған», - деді Ерлан Әлмағамбетов.