Алматыда 35 жас полицей алғашқы қызметтік куәліктерін алды

Алматыда 35 жас полицей алғашқы қызметтік куәліктерін алды
Сурет: Polisia.kz

Күрделі іріктеуден өткен жас полицейлер қызметтік куәліктерін алды

Жаңадан кіргендердің патриоттық рухын арттыру мақсатында арнайы іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Біздің қатарымызға құқық қорғау органдарының жаңа буыны қосылды. Жас қызметкерлер аға әріптестерінің дәстүрін лайықты жалғастырып, кәсіби сынақтардан абыроймен өтетініне сенгім келеді. Полицияда қызмет ету оңай емес, төзімділікті, адалдықты, әділдікті, адамдарды құрметтеуді талап етеді. Сіздер азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қорғаушылардың алдыңғы қатарында болуларыңыз керек. Әрқайсыңыз өз ісіңіздің нағыз кәсіби маманы болуға күш салып, заң бұзған адамдарды жазалау қағидатын қамтамасыз етулеріңіз керек», – деді Алматы қалалық ролиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.

Жас полицейлер күрделі іріктеуден өтті. Көпшілдік, әдептілік, төзімділік, заңды жақсы білу, дене шынықтыру дайындығы – осы қасиеттердің барлығы жас офицерлердің бойында бар. Тәлімгерлер жеке құрамды құттықтап, қызметке жаңадан келгендердің абыроймен қызмет ететініне, бұрынғылардың жауынгерлік ерліктері мен даңқты дәстүрлерін жалғастырып, полиция қызметінің беделін арттыратынына сенім білдірді.