Испаниядағы турнирде қазақстандық теннисшілер өзара кездеседі

Испаниядағы турнирде қазақстандық теннисшілер өзара кездеседі
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстандық теннисшілер Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин Севилья (Испания) челленджер турнирінің екінші айналымында өзара кездеседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әлемнің 129-ыншы, осы жарыстың 6-ракеткасы Т.Скатов бастапқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингте 269-орында тұрған Польша өкілі Даниэль Михальскиден 6:1, 5:7, 6:3 есебімен басым түсті.

Әлемнің 242-ракеткасы Михаил Кукушкин рейтингте 741-сатыдағы испаниялық, 21 жастағы Диего Аугусто Баррето Санчеспен шеберліктерін сынады. Мұнда қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Екі сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында М.Кукушкин 3 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.

Енді Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкиннің қай жеңгені ширек финалға шығады.