Имамдар да күреседі

Имамдар да күреседі
Сурет: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысында «Имамдар барысы» атты қазақ күресінен турнир өтті.

Жүлделі бірінші орынға умраға жолдама берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, облыс орталығы Қонаев қаласында "Ислам және ізгі қоғам" жылы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысы өкілдігі мен облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастырумен "Имамдар барысы" атты қазақ күресінен турнир өтті.

Имамдар арасындағы қазақ күресіне Алматы облысына қарасты қала, аудан, ауыл мешіттерінің имамдары қатысты.

Турнирге жалпы 30 ға жуық дін қызметкері екі салмақта, яғни 60 – 80 келі, 80 – 100 келі салмақ дәрежелерінде бақ сынасты.

Турнирде жүлделі орын алған жеңімпаздар ақшалай сыйақы және арнайы медальмен марапатталды.