Головкин әлемдік рейтингте жоғарылады

Головкин әлемдік рейтингте жоғарылады
Сурет: Elorda.info

GGG бесінші орында тұр.

BoxRec.com порталы салмақ санаттарына қарамастан (pound-for-pound) әлемнің үздік боксшыларының рейтингін ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Сауль «Канело» Альвареспен үшінші айқасқа дейін аталған тізімде сегізінші орында тұрған болса, Альварестен жеңілгеннен кейін бірден үш сатыға көтеріліп, бесінші орынға орналасты.

Boxrec-тің P4P жаңартылған рейтингі:

1. Сауль «Канело» Альварес (Мексика)
2. Дмитрий Бивол (Ресей)
3. Теренс Кроуфорд (АҚШ)
4. Александр Усик (Украина)
5. Геннадий Головкин (Қазақстан)
6. Энтони Джошуа (Ұлыбритания)
7. Эррол Спенс – кіші (АҚШ)
8. Наоя Иноуэ (Жапония)
9. Шакур Стивенсон (АҚШ)
10. Деонтей Уайлдер (АҚШ)