Қырғыз-тәжік қақтығысында 100-ге жуық адам қаза тапты

Қырғыз-тәжік қақтығысында 100-ге жуық адам қаза тапты
Сурет: Azattyk.org

Қырғызстанда 19 қыркүйек Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасындағы қақтығыстардың салдарынан барлығы 94 адам қаза тауып, 150-ден астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.  

Екі ел арасындағы қақтығыс 14 қыркүйектен 16 қыркүйекке дейін жалғасты.

Екі елдің үкіметтерінің жексенбілік мәлімдемесіне сүйенсек, қақтығыс құрбандарының жалпы саны 94-ке жетті. Қырғызстан билігі шекара маңындағы Баткен облысындағы қақтығыс нәтижесінде 59 адам қаза тауып, тағы 144 адам жарақат алғанын хабарлады.

Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі тәжік тарапынан зардап шеккендердің санын бірінші рет атады. Ведомствоның Фейсбуктегі парақшасында 35 қаза тапқан және 25 жараланған тәжік азаматтары туралы хабарланған, олардың арасында әйелдер мен балалар бар.