Қазақстанда 795 мыңнан аса жасөспірім Pfizer вакцинасын салдырды

Қазақстанда 795 мыңнан аса жасөспірім  Pfizer вакцинасын салдырды
almaty-akshamy.kz

Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 466 461 адам, екіншісін 9 199 647 адам салдырды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

11 сәуірге дейін «Pfizer» вакцинасының I дозасын 986 598 адам, ІІ дозасын 854 756 адам салдырды.

Оның ішінде І компонентін 795 303 жасөспірім, 36 545 жүкті әйел, 130 828 бала емізетін әйел салдырса, ІІ компонентін 711 473 жасөспірім, 31 101 жүкті әйел, 110 917 бала емізетін әйел қабылдаған.