Алматыда Түркияның қатысуымен фармацевтикалық препараттар шығаратын зауыт салынады

Алматыда Түркияның қатысуымен фармацевтикалық препараттар шығаратын зауыт салынады
Сурет: Shymkenttv.kz

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметі хабарлады.

Президенттің Анкараға мемлекеттік сапары аясында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өзінің түрік әріптесі Фахреттин Коджамен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Ведомство басшысы түрік әріптесіне пандемия кезеңінде  көрсетілген ынтымақтастық пен гуманитарлық көмек үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, ол қол қоюға дайындалып жатқан медицина саласындағы Үкіметаралық жаңа келісімнің жүйені жаңғыртуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Айта кетейік бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапарының екінші күні. Бүгін мемлекет басшысы бизнесмендер форумына қатысады деп жоспарланған.