Әміржан Абылай - «WORLD HARMONY» IV халықаралық байқауының жеңімпазы

Әміржан Абылай  - «WORLD HARMONY» IV халықаралық байқауының жеңімпазы
сурет: Inform.kz

Күләш Байсейітова атындағы музыка мектебінің оқушысы халықаралық байқаудың жүлдегері атанды.

Боржоми қаласында грузин фольклоры мен классикалық музыканы дамыту одағы «Гармония», Е.Микеладзе атындағы орталық музыка мектебі және Боржоми қалалық муниципалитеті ұйымдастырған «WORLD HARMONY» IV халықаралық байқауы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

К. Байсейітованың «арнайы фортепиано» класы бойынша үшінші сынып оқушысы Әміржан Абылай аталған байқауда өнер көрсетіп, бірінші орынға ие болды. Әміржан Абылай үш кезеңнен сәтті өтіп, финалда Моцарттың фортепианоға арналған концертін оркестрмен орындап шығып, бірінші премия лауреаты атанды. Айта кетейік, бұл кішкентай пианистің өміріндегі оркестрмен ойнаудағы алғашқы тәжірибесі еді.