Алматы қаласының бес айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Алматы қаласының бес айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы Cурет: El.kz

Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаев ОКҚ-да өтіп жатқан брифингке қатысуда.


Онда шаһар басшысы ағымдағы жылдың басынан бастап Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы таныстырып өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 



"Ең алдымен, еліміздегі аса маңызды саяси оқиға -Алматы қаласы бойынша референдумның нәтижелері туралы айтып өтуге рұқсат етіңіздер.


Алматылықтардың көпшілігі Мемлекет басшысының бастамасын қолдады. Конституцияға өзгерістер енгізуді халықтың 65,22%-ті қолдап, 32,99% дауыс беруге келді (бүлінген бюллетеньдерді есептемегенде 33,3%)" - деді қала әкімі Ерболат Досаев.



Алматылықтар «Жаңа Қазақстанды» құру бағытын қолдайтынын көрсетті.



"Алматы қаласының әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын белсенді іске асыруда.


Қала экономикасының тұрақты өсуі қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107,6%-ке дейін өсті", - дейді қала басшысы.



Осы жылдың басынан бері 16,3 мың жұмыс орны құрылды. 3,3 мың орындық 54 балабақша ашылды, 45 км инженерлік желі салынды. Газбен жүретін 300 автобус сатып алынды, 145 мың ағаш отырғызылды.


Биылғы жылдың қыркүйек айына дейін Алматы агломерациясын дамытудың кешенді жоспары әзірленеді. Бұл жоспарда мегаполис пен Алматы облысы синергиясының жобалары айқындалатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет