Қазақстанда мектеп оқулықтарының тізімі жаңартылды

Қазақстанда мектеп оқулықтарының тізімі жаңартылды Сурет: Еgemen.kz

Министрдің бұйрығы «Әділет» нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.


Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 291 бұйрығымен орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің электрондық нысандағы тізбесі бекітілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Бұйрықпен бекітілген орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын», - делінген министр бұйрығында.



Сондай-ақ, ведомство басшысы Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес аталған бұйрықты Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуін міндеттейді.


Ресми тіркеуден өткен соң бұйрық Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтында орналастырылады. Одан бөлек, бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетіні айтылған. Мектеп оқулықтары мен мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешеннің электрондық нұсқасымен осы сілтеме арқылы танысуға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32

12:18

12:07

12:00

11:58

11:47

11:16

10:57

10:14

10:11