Еуропада КВИ-дың жаңа штамы «дельтакрон» анықталды

Еуропада КВИ-дың жаңа штамы «дельтакрон» анықталды
Сурет: Inform.kz

Инфекция деңгейі «өте төмен».

Еуропада Коронавирустық инфекцияның жаңа штамы – "дельтакрон" анықталды. Бұл туралы ДДҰ Төтенше жағдайлар бөлімшесінің техникалық тобының басшысы Мария ван Керкхов айтты, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz РИА Новостиге сілтеме жасап. 

ДДҰ жетекші эпидемиологы "дельтакрон" штамының Францияда, Нидерландыда, Данияда анықталғанын растады, бірақ инфекция деңгейі «өте төмен». 

«Дельтакрон «дельта» AY.4 және «омикрон» ВА.1/BA.2. штамдарының кіші түрлерін біріктіру кезінде пайда болды», – деді Мария ван Керкховен.

Ол ДДҰ сарапшылары бұл нұсқаны 7 наурыздағы кездесуде талқылағанын атап өтті.‎

Кипр университетінің биология ғылымдары факультетінің бір топ ғалымдары Сovid-19 жаңа штамының – «дельта» мен «омикрон» гибридінің табылғаны туралы қаңтар айының басында хабарлады.