Өңірлік комиссия Алматыдағы зардап шеккен бизнес субъектілерінен келіп түскен барлық өтінішті қарады

Өңірлік комиссия Алматыдағы зардап шеккен бизнес субъектілерінен келіп түскен барлық өтінішті қарады
almaty-akshamy.kz

Қазіргі уақытта, барлық берілген өтініштер 100% қамтылды және комиссия оларды түгел қарады.

InfoKazakhstan электрондық платформасына 1188 кәсіпкерден барлығы 1355 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Өңірлік комиссия мәжілісінің қорытындысы бойынша, 5 286,5 млн. теңге сомасындағы 1139 өтініш, оның ішінде, 4 194,6 млн. теңге сомасындағы 595 өтініш бюджет қаражаттарынан, 1 091,9 млн. теңге сомасындағы 544 өтініш «Жаңа Алатау» қорының қаражаттарынан мақұлданды.

Қалған 216 өтініш пысықтау үшін жолданды (120 өтініш бойынша құжаттардың толық топтамасы ұсынылмады, 96 өтініш жеңілдетілген механизм шеңберінде өтем сомасымен келіспеуіне байланысты сот сараптамасына жолданды).

Зардап шеккен бизнесті толық қамту және қала экономикасын жедел қалпына келтіру мақсатында комиссия «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығының жанынан кеңес беру штабын құрды.

Өтемі әлі төленбеген зардап шеккен кәсіпкерлер кеңес алу үшін жұмыс  күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, 101 кабинет мекенжайы бойынша жүгіне алады.

Өңірлік комиссияның келесі мәжілісі 2022 жылғы 12, 15 және 18 наурызға жоспарланып отыр.