Еуро - 2024: Қазақстан құрамасы сырт алаңда Сан-Мариноны жеңді

Еуро - 2024: Қазақстан құрамасы сырт алаңда Сан-Мариноны жеңді
Сурет: Prosports.kz

Пармада 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Сан-Марино мен Қазақстан құрамасы кездесті.

Бұл ойында біздің құрама 3:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty-kshamy.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Матчтағы есепті 37-минутта қорғаушы Ян Вороговский ашты. Екінші голды 64-минутта пенальтиден Асхат Тағыберген соқты. Ал ойын нүктесін Бактиер Зайнутдинов қойды.

Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 19 маусымнан 20 маусымға қараған түні Белфастта Солтүстік Ирландия құрамасына қарсы өткізеді.

Сан-Марино – Қазақстан – 0:3 (0:1)

Гол соққандар: Вороговский 37 (0:1), Тагыберген 64 пен. (0:2), Зайнутдинов 90+4 (0:3)

2023 жылғы 17 маусым, 00:45. Италия, Парма, «Эннио Тардини» стадионы