«Есіктен есікке дейін» атты стартап жоба жүзеге асуда

«Есіктен есікке дейін» атты стартап жоба жүзеге асуда
Сурет: Іnformburo.kz

Тиімді стартап!

Қазақстанда тиімді стартап жобалар  қолдау табады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл жоба ата-аналар үшін тиімді шешім болды. Жас қазақстандық кәсіпкерлер балаларды тасымалдауға арналған «Есіктен есікке дейін» атты онлайн қызметті жолға қойды.

Ерекше тұғырнама – Назарбаев Университеті студенттерінің өнертабысы. Бұл жаңа бастама бағдарламалық қамсызданудың 35 түрі мен бағыттаудың ақылды жүйесін қамтиды. Нәтижесінде кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің жолы жылдам әрі қауіпсіз болады.

Балаларды тасымалдау бойынша стартап-жобасының коммуникациялар бойынша жетекшісі Олжас Жақыпов аталған жобаның тиімділігін айтты. 

«Біздің жоба карпулинг жүйесінің негізінде құрылды. Яғни оның басты мақсаты – балаларды топпен тасымалдау. Сондықтан сервистік қызметтің құны өте арзан. Ең бастысы, өте тиімді. Мәселен, әйел жүргізушілер қайда және қалай барамын деп еш қам жемейді. Ол үшін логистикалық бағытты арнайы бағдарлама құрып береді. Бұл жаңа маркет – заманауи гипотездермен жаңартылған алгоритмдер. Ол бірнеше бағдарламаны қамтиды», - деді 

Аталмыш жоба Astana Business Campus-тағы NURIS бизнес-акселерацияларды қолдауға арналған 8 апталық бағдарламаға қатысты болып табылады.