Еркін күрестен ӘЧ: Асыл Айтақын қола еншіледі

Еркін күрестен ӘЧ: Асыл Айтақын қола еншіледі
Cурет: Olympic.kz

Төрешілер әдіс сапасы бойынша жеңісті Асылға берді

Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Еркін күрестен 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Асыл Айтақын турнирдің қола жүлдегері атанды.

Үшінші орын үшін өткен кездесуде ол Венгрия өкілі Гамзадгаджи Халидовпен кездесіп, 3:3 есебімен тең түсті. Алайда, төрешілер әдіс сапасы бойынша жеңісті Асылға берді.

Айта кетелік, аталған сында грек-рим күресінен бәсекелер аяқталды. Өкінішке қарай, «классиктерде» жүлде жоқ.