Елордада карантин жеңілдеді

Елордада карантин жеңілдеді
Сурет: Inbusiness.kz

Ел астанасы 26 қазан күні «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өткен болатын.

Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері карантин талаптары жеңілдетілген жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері Сарқыт Бейсенова жаңа қаулыға сәйкес елордада Ashyq жүйесінің жұмысын жетілдіре түсіруді талап етті. Яғни «сары» аймақ критерийіне сәйкес кәсіпкерлік нысандарда Ashyq жобасының қызметі қайта жандандырылады.

Сондай-ақ Ashyq жобасына қатыспайтын нысандарға «сары» аймақ критериіне сәйкес жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Ендігі уақытта елорданың барлық нысандары ҚР мемлекеттік бас санитар дәрігері бекіткен қаулыны ережесін қатаң сақтай отырып жұмысын жалғастырады.