Еліміздің екі облысында күн райына байланысты ескерту жасалды

Еліміздің екі облысында күн райына байланысты ескерту жасалды
Сурет: Ашық дереккөз

Синоптиктер республиканың екі облысында ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, 21 қаңтарда таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, облыс орталығында жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде тұман болады. Облыстың солтүстік, батыс және таулы аймақтарында шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.