Еліміздің 10 өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасалды

Еліміздің 10 өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасалды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

"Қазгидромет" 29 ақпанда елдің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Ақмола облысының батысында тұман.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда секундына 25 метрге жетеді.

Абай облысында солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күші – 15-20 м/с, күндіз Жарма ауданында екпіні – 23 м/с.