Елімізде жасөспірімдер арасындағы қылмыс көбейіп барады

Елімізде жасөспірімдер арасындағы қылмыс көбейіп барады
Сурет: интернеттен

ІІМ себептерін атады.

Ішкі істер министрлігі биыл жасөспірімдер арасындағы қылмыс көрсеткіші өскенін мәлімдеп, оның негізгі себептерін айтты, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Лейла Әліпбаеваның айтуынша, биыл жеті ай қорытындысы бойынша жасөспірімдер қылмысы 11 пайызға көбейген.

"Кәмелетке толмағандар негізінен ұрлық, тонау және бұзақылық жасайды. Оның ең көп тараған себебі, ата-аналардың баланың мінез-құлқын бақыламауынан. Көбінесе жасөспірімдер заңды өкілдерінің бақылауынсыз түнгі уақытта ойын-сауық орындары немесе сыртта жүргені үшін ұсталады", - деп түсіндірді Әліпбаева ІІМ брифингінде.

Спикердің мәліметінше, жыл басынан бері 64 мыңнан аса ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған.