Алматыдан 564 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 564 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Сурет: Ашық дереккөзі

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 564 шақырым жерде

Төтенше жағдайлар министрлігі «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісінде 20 шілде күні 18 сағат 7 минут 25 секундта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 564 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.1. MPV магнитудасы – 4.5. Жер сілкінісі ошағының бағыты - 41.98° с.е. 83.56° ш.б. Тереңдігі - 5 шақырым. Сезілгені жайлы мәлімет жоқ», - делінген ведомство хабарламасында.

 Бұған дейін хабарланғандай, Қытай аумағында сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 10:33-те 4,8 балдық жер сілкінісі болды.