Жарқын Алдамбергенқызы: Біздің еліміз бен партиямыз жаңа кезеңіне аяқ басқалы тұр

Жарқын Алдамбергенқызы: Біздің еліміз  бен партиямыз жаңа кезеңіне аяқ басқалы тұр

Бастамаларымыз сәтті болғай!

Nur Otan партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Жарқын Алдамбергенқызы партияға жүктелген жауапкершілік туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бүгін, 1 наурыз - партияның құрылған күні. Осы айтулы күн қарсаңында Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХІІ съезі өтті. Мен сол съезге делегат ретінде  қатыстым. Мемлекет басшысының съезді қысқа уақыт аралығында өткізу туралы бұл шешімі мемлекет алдында тұрған қазіргі заманғы сын-қатерлерге берген жауабы секілді болды деп ойлаймын. Себебі, бұл ең алдымен Президенттің елдегі оқиғалардан қалыс қалмай, саяси бастамалардың негізгі көзі екенін тағы бір дәлелдейтіндей. Естеріңізге сала кетсем, үстіміздегі жылғы  28 қаңтарында өткен съезде сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы саяси элитаны ғана емес, бүкіл халықты жұдырықтай жұмылуға шақырған болатын. Алайда бұл оның төңірегінде ғана жиналу емес, «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасы аясында топтасуды білдіреді»,- дейді Жарқын Алдамбергенқызы

Оның пікірінше, бұл тұжырымдаманың негізгі бағыттарының бірі - жаңартылған партия болмақ. Оның көрінісі бүгінгі партияның съезінде байқалды, партияны қайта жаңғырту бағдарламасын ұсынды, яғни партияны модернизациялаудағы жеті басымдылық нақтыланды:

Халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру;

Партияластар арасындағы ынтымақтықты нығайту;

Партияның жұмысындағы ашықтықты арттыру;

Партиялық бақылауды күшейту;

Партияның бағдарламалық құжаттарын қайта қарау;

Халықтың әр түрлі топтарымен нақты жұмыстар жүргізу;

Jas Otan Жастар қанатының жұмысын жетілдіру.

«Жаңа Қазақстанның дамуы жағдайында еліміздің жетекші саяси партиясының бірлігі мен ұйымдастырушылық әлеуетін көрсетті деп ойлаймын. Бүгінгі таңда біздің еліміз бен партиямыз өзінің тарихындағы жаңа кезеңіне аяқ басқалы тұр. Бұл Жаңа Қазақстанды құру жолындағы жаңарған партиямызға жүктелген үлкен жауапкершілік және зор сенім деп білемін. Бастамаларымыз сәтті болғай! Еліміздің іргесі берік болғай!» - деді Nur Otan партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жарқын Алдамбергенқызы.