Әділ Ғалиахметов өзінің тұңғыш Олимпиадасында ТОП-8 қатарынан көрінді

Әділ Ғалиахметов өзінің тұңғыш Олимпиадасында ТОП-8 қатарынан көрінді Сурет: Olympic.kz

Бұл - спортшы үшін үлкен жетістік.


Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 1500 метрге жарысудан ерлер арасындағы жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап. 


Бұл бәсекеде қазақстандық Әділ Ғалиахметов те бақ сынаған болатын. 23 жастағы оралдық спортшы әлем мықтыларымен бір қатарда өнер көрсетіп, сегізінші орынға табан тіреді. 


Аталған қашықтықта Олимпиада чемпионы атағын Оңтүстік Корея өкілі Хван дэ Хон жеңіп алды. 


Күміс медальді канадалық Стивен Дюбуа, қола медальді ресейлік Семен Елистратов иеленген. 


Айта кетелік, бұл - қазақстандық Әділ Ғалиахметов үшін үлкен жетістік. Әділ ересектер арасындағы Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысып, бірінші мүмкіндігінде-ақ финалға жолдама алды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14