АҚШ-ты "омикрон" қинауда

АҚШ-ты "омикрон" қинауда
Сурет: Fishki.net

Дерт дес бермеуде

АҚШ-та "омикрон" штамының кең етек жаюына байланысты ауруханаға түскен науқастардың саны соңғы аптада 33 пайызға артты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап

Бұл туралы осы елдің ауруды бақылау және алдын алу орталығының сарапшылары хабарлайды.

Статистика бойынша ковидтен қаза тапқандардың қатары да 40 пайызға өскен.

Енді мамандар алдағы бірнеше аптада аурудың таралуы одан бетер ушығуы мүмкін деп дабыл қағып отыр.