Демалыс күндері Алматыда тұман түсіп, көктайғақ болады

Демалыс күндері Алматыда тұман түсіп, көктайғақ болады
Сурет: Elorda.info

Таулы аймақтарға қалың қар жауады.

Алдағы сенбі, жексенбі күндері Алматыда тұман мен көктайғақ болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қаласы төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, «Қазгидромет» республикалық коммуналдық кәсіпорны ауа райына байланысты ескерту жариялаған.

Сол ескерту негізінде Алматыда 12 ақпанда таңертең және күндіз 13 ақпанда тәулік бойы тұман мен көктайғақ күтіледі.

«Ал Алматының таулы аймақтарында 12 ақпанда қалың қар жауып, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ күтіледі. Батыстан соғатын жел екпіні 12 ақпанда кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін күшейеді», - делінген хабарламада.