Елімізде жанкүйер болудың жоғары мәдениеті қалыптасып келеді

Елімізде жанкүйер болудың жоғары мәдениеті қалыптасып келеді
Сурет: @aqorda_resmi

Отандық футбол жанкүйерлер өткен жұмада «Астана-Арена»-ға жиналып, қолдауды күшейтті.

Стадионды көк тумен толтырып, ұлттық нақышта киініп келу де, ойыннан соң қоқысты жинау да дәстүрге айналған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Жалпы, жанкүйер болудың жоғары мәдениеті қалыптасып келетіні байқалады. Ал жұма күнгі матчқа келсек, өз алаңында Сан-Мариноны қабылдап, жеңіске жеткен ұлттық құрама кезекті үш ұпайды қоржынға салғаны белгілі. Осылайша, ЕУРО-ға тағы бір қадам жақындай түсті. Енді алда бір ғана ойын.

Бүгін құрама жігіттері ел намысын арқалап, Словениямен кездесетінін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Жеңісті жол жалғасып, ұлттық құрама Германияға жолдама алсын деп тілейік!