Қазақстан - Словения матчын қайдан көруге болады

Қазақстан - Словения матчын қайдан көруге болады
Сурет: ашық дереккөз

Ел құрамасы H тобында 9 ойыннан кейін 18 ұпай жинап, үшінші орында тұр

Футболдан Қазақстан құрамасының 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында шешуші матчты Словения құрамасына қарсы өткізеді. Шешуші матч 20 қарашадан 21-не қараған түні сағат 01:45-те (Астана уақытымен) «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында көрсетіледі, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Ел құрамасы H тобында 9 ойыннан кейін 18 ұпай жинап, үшінші орында тұр. Бұл топта Дания 22 ұпай жинап, құрлықтық доданың финалдық сатысына бір тур бұрын жолдама алды.

Енді екінші жолдама тағдыры Словения мен Қазақстан кездесуінде шешіледі.

Қазақстандық футболшылар 23 наурызда елордада өткен ойында аталған қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.

Қазірге дейін құрлықтық доданың финалдық сатысына Франция, Португалия, Бельгия, Испания, Шотландия, Түркия, Англия, Аустрия, Венгрия, Словакия, Албания, Дания, Нидерланд, Швейцария, Румыния, Сербия құрамалары шықты. Ал Германия ұйымдастырушы ел ретінде іріктеусіз қатысады.

Еуропа чемпионаты 2024 жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында Греманияда өткізіледі.