Елімізде қызылша жұқтырудың 10 мыңға жуық жағдайы тіркелген

Елімізде қызылша жұқтырудың 10 мыңға жуық жағдайы тіркелген
Сурет: Aykin.kz

Науқастардың 80 пайыздан астамы - 14 жасқа дейінгі бала.

Әсіресе, Алматы, Жамбыл облыстары мен Шымкент, Алматы қалаларында ауру дендеп тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Дәрігерлердің мәліметінше ауырғандардың көбі қызылшаға қарсы екпе алмаған.

«Өткен аптада расталған 844 жағдай болды. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 28 пайызға көбірек. Қызылшаның алдын-алу негізгі және ең тиімді құралы бұл вакцинация болып табылады. Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы екпе 12-15 айлық және 6 жасында қайтадан жүргізіледі», - дейді қоғамдық денсаулық сақтаудағы тж жөніндегі жедел орталықтың директоры Жәнібек Ерубаев.