Елімізде халықаралық іздеуде болған шетел азаматы ұсталды

Елімізде халықаралық іздеуде болған шетел азаматы ұсталды
Сурет: Оtyrar.kz

Қазір «Заңсыз келуші» операциясы өтіп жатыр.

Шымкент қаласында халықаралық іздеуде болған Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Полиция тұтқындаған шетел азаматын көрші мемлекетке экстрадициялау жүргізілуде.

«Заңсыз келуші» операциясы 19-маусымнан бері жүргізіліп жатыр. Операция елімізге көші-қон заңнамасын айналып келген шетел азаматтарын анықтап, оларды экстрадициялауға арналған.

Операция кезінде Шымкент қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері 4 шетелдік азаматты ұстап, олар елімізден шығарылды.

«Заңсыз келуші» іс-шарасы аясында полицейлер қаладағы құрылыс объектілерін, коммуналдық үйлерді, базарларды, жатақханалар мен көпшілік жиналатын орындарды тексеріп жатыр.

Осы ретте шымкенттік полицейлер жергілікті азаматтарға да ескерту жасап отыр. Яғни, олар дер кезінде шетелдіктерді уақтылы тіркемей, заңсыз жұмыс істетіп қойса ҚР ӘҚБтК-нің 518 және 519-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.