Жер сілкінісі кезінде қажет 10 қарапайым қағида

Жер сілкінісі кезінде қажет 10 қарапайым қағида
almaty-akshamy.kz

Биік үйлерде тұратын алматылықтар білуі тиіс 10 қарапайым ереже.
 
1. Дүрбелеңге түспеңіз, сабырлық сақтаңыз;
2. Жер асты дүмпулері кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз, жер сілкініп жатқан уақыт өткенше үйде күтіңіз;
3. Жиһаздан, терезелерден, люстрадан алыстаңыз;
4. Жасырынатын орын табыңыз (жүк көтергіш/капитал/ішкі қабырғалардың бұрышы);
5. Ғимараттан шығыңыз (көп қабатты үйлерде – жерасты дүмпулері тоқтағаннан кейін);
6. Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
7. Алдын-ала дайындалған «дабыл чемоданын» алыңыз;
8. Ғимараттан эвакуациялау кезінде электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінісінің қайталануы мүмкін екеніне дайын болыңыз;
10. Балаларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіңіз.

Эвакуациядан кейін зардап шеккен халықты ауқымды төтенше жағдай кезінде орналастырылатын ең жақын қабылдау пунктіне орналастыру қажет. 

Алматыда зардап шеккен халықты қабылдайтын 384 қабылдау пункті жұмыс істейді.

Халықты және төтенше жағдайлардан зардап шеккендерді жинау пункттері мектеп, балабақша, колледж, жоғары оқу орындары сынды білім беру ұйымдарында орналасқан.