«Думанда» жаңа емхана салынады

«Думанда» жаңа емхана салынады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

«Алатау» қалалық ауруханасының ғимаратын реконструкцияланады.

№10 жедел жәрдем қосалқы станциясын салу үшін жер сатып алу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Медициналық қызмет көрсетуді жақсарту және кеңейту мақсатында осы жылдың соңына дейін
4 денсаулық сақтау объектісі бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы аяқтауға ниеттіміз. «Думан» шағын ауданында 500 адам қабылдайтын жаңа емхана салу, «Алатау» шағын ауданында сейсмикалық күшейте отырып, «Алатау» қалалық ауруханасының ғимаратын реконструкциялау,
№2 қалалық мамандандырылған балалар үйін (Байжанов көшесі, 107/5) күрделі жөндеу, №4 жедел жәрдем қосалқы станциясының («Самал-3» шағын ауданы) ғимаратының құрылысы жоспарланған. №2 қалалық мамандандырылған балалар үйін күрделі жөндеуді қаңтар айында бастау жоспарлануда. Қалған 3 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2024 жылдың 2 тоқсанында бастаймыз», деді мегаполис әкімі Ерболат Досаев.

Сондай-ақ №10 жедел жәрдем қосалқы станциясының ғимаратын салу үшін жер учаскелерін сатып алу жұмыстары жүргізілуде (Айдын көшесі, 9).

Анықтама үшін: 2023 жылғы  23 ақпанда №1/1-104 жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қаулы қабылданды, 3 жер учаскесі алып қоюға жатады (меншік иесі-5, жалпы ауданы – 0,1441 га, болжамды құны – 173 млн. тг.). Бүгінгі күні жер учаскесін бағалау рәсімдері жүргізілуде.