«Көк базар» аумағы келесі жылдың соңына дейін абаттандырылады

«Көк базар»  аумағы келесі жылдың соңына дейін абаттандырылады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында биылғы жылы жалпы сомасы 1,6 млрд. теңгеге  44 жоба іске асырылуда.

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Медеу ауданы тұрғындарымен өткен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бүгінгі таңда 21 жоба бойынша жұмыстар аяқталды. Қалған 23 жоба (13 ауланы жайластыру, 10 қоғамдық кеңістікті абаттандыру) биылғы жылдың қазан айының соңына дейін аяқталады.

Жеке қаражат есебінен биыл қыркүйек айының басында «Көк Төбе» паркіне дейінгі ұзындығы 1,2 км жаяу жүргіншілер тротуарын жайластыру жұмыстары басталды. Бүгінгі күні жолды кеңейту жұмыстары жүргізіліп, бордюрлар, орындықтар мен урналар орнатылады. Аяқталу мерзімі – осы жылдың қараша айы.

Биыл «Көк базарды» модернизациялау жұмыстары басталды. Желілерді реконструкциялау, орталық кіреберістің алдындағы бетон жабындыны жаңарту, тірек конструкцияларын күшейту, аумақты абаттандыру жоспарлануда. Жұмыстарды 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.