Ерболат Досаев егде жастағы еріктілер мектебіне қолдау көрсетуді тапсырды

Ерболат Досаев егде жастағы еріктілер мектебіне қолдау көрсетуді тапсырды
Суретті түсірген - Д.Исаев

Медеу ауданы тұрғынының сұрағы: Мен  егде жастағы еріктілер мектебіненмін. Біріншіден, сізге қалада ұзақ өмір сүру мектептерін ашқаныңыз үшін алғыс айтқым келеді – олар егде жастағы адамдармен үлкен жұмыс жасайды. Біздің мектеп  қарттарға білім бердің британдық жүйесі бойынша жетінші жыл жұмыс істейді-біз тілдерді, сурет салуды, йоганы және т.б. үйренеміз. Жалғыз өтініш - бізге бөлме  берілсе. 

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың жауабы: Тамаша жоба – егде жастағы еріктілер мектебі. Мен қуана қолдау көрсетемін, бірақ мен бөлмені   жеке меншікке беремін деп уәде бере алмаймын, бірақ жалға алу туралы мен аудан әкіміне тапсырма беремін. 

Бізде іскерлік кездесулерге арналған кеңістіктер бар, олар  өте ыңғайлы. Менің орынбасарым Арман Оразбайұлы (Қырықбаев) үй-жай табуға көмектеседі. Менің ойымша, кітапхана желісінде қарт адамдар дәріс оқи алатындай бөлме табуға болады. Біз келісімге қол қоя аламыз, дәрістер өткізе алатын беделді спикерлермен де көмектесеміз. 

Еркебұлан Нұрланұлы (Оразалин), аудан әкімі, ол сізді келесі аптада шақырады және сізге қалай көмектесуге болатынын шешеді. 

Алматыдағы "Егде жастағылар мектебі" жобасы волонтерлік негізде жұмыс істейді, оған қарт адамдарға көмектескісі келетін, олардың өмірін қызықты әрі белсенді ететін  түрлі мамандықтағы адамдар қатысады. 

Еске салсақ, Қазақстанда 1 қазаннан бастап қарттар айлығы басталады.