«Думан» шағын ауданы тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі

«Думан» шағын ауданы тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі
Сурет: Азаттық рухы

«Думан» шағын ауданында жалпы ұзындығы 14 шақырым ауыз сумен қамту және кәріз желілерін салу бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындылары алынды. Бұл туралы Медеу ауданы тұрғындарымен кездескен мегополис әкімі Е.Досаев айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Ал «Сұлусай» шағын ауданының тұрғындарын ауыз сумен толықтау қамтамасыз ету үшін 2 скважина құрылысына мемлекеттік сараптама рұқсат берген. Демек, жалпы ұзындығы 16,9 шақырым сумен қамту және кәріз желілерін салу жұмыстары да қолға алынады.

«Думан» шағын ауданындағы құрылыс-монтаждау жұмыстары осы жылдың қазан айында басталмақ. Ал «Сұлусай» шағын ауданында скважиналар құрылысы осы жылдың қараша айында конкурстық рәсімдер өткізілгеннен кейін қолға алынады деп күтілуде. Желілердің құрылысы 2024 жылы басталады.

Айту керек, «Алатау» және Малая  станица шағын ауданындарында (32 көше) сумен қамту және кәріз  желілерін салу бойынша сараптама қорытындысы осы жылдың желтоқсан айында шығады деп күтілуде.