Доллар арзандады

Доллар арзандады
Сурет: интернеттен

Мұнай бағасы көтеріле түсті.

Қазақстан қор биржасының мәліметінше, доллардың орташа бағасы 1,97 теңгеге төмендеп, 456,52 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 63,50 теңге (-0,31) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 493,61 теңге, рубльді 4,04 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 458,7-460,7 теңге, еуро 492-495 теңге, ресей рублі 5,03-517 теңге аралығында саудаланып жатыр.