Денсаулық сақтау басқармасы: Алматыда болған өрттен 43 адам зардап шекті

Денсаулық сақтау басқармасы: Алматыда болған өрттен 43 адам зардап шекті
Сурет: Inbusiness.kz

Алатау ауданы, Ақкент шағын ауданы, 54 мекенжайы бойынша орын алған өртке 23 жедел жәрдем бригадасы, соның ішінде 5 жансақтау бригадасы жұмылдырылды. Барлығы 43 адам зардап шекті.

4 бала жансақтау бөлімінде жатыр, тағы төртеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді, үш баланың ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мұндай деректі Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. 

12 ересек адам қалалық көпбейінді ауруханаларға жеткізілді, соның ішінде 5 адам ауруханаға жатқызылды, басқалары қажетті жедел медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық бақылауға жіберілді.

Қалған өрттен зардап шеккен адамдардың жағдайы тұрақты.

Бір әйел көптеген жарақаттан көз жұмды.

ТҮК-тің кейбір тұрғындарына оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.