ДДҰ маймыл шешегі маңызы бар төтенше жағдай емес деген қорытынды жасады

ДДҰ маймыл шешегі маңызы бар төтенше жағдай емес деген қорытынды жасады
Сурет: Focus.ua

Сарапшылар қалыптасқан ахуалдың төтенше сипатын мойындады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Төтенше жағдайлар комитеті маймыл шешегінің өршуін денсаулық сақтау саласындағы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай емес деген қорытындыға келді. Бұл туралы ДСҰ отырысы бойынша әзірленген баспасөз парағында жазылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.

«Мұндай шешімді Комитет ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейюске ұсынды. Гебрейюс ұсынысты қабылдады», - деп атап өтті ДДҰ.

Сондай-ақ комитет қазіргі маймыл шешегі ауруының көптеген аспектілері бұрын-соңды тіркелмеген елдерде ерекше екенін атап өтті, вирустың таралу жағдайларының басым көпшілігі гомосексуал ер адамдар арасында орын алуда.

Комитет қалыптасқан ахуалдың төтенше сипатын және вирустың таралуына қарсы қарқынды шараларды қажет ететінін бірауыздан мойындады.