«Даму» бизнесті дамыта ма?

«Даму» бизнесті дамыта ма?
Сурет: интернеттен

Шағын және орта бизнес өкілдері қорға өтініш беруі қажет.

Бүгіннен бастап шағын бизнес өкілдері «Даму» қорының жеңілдетілген несиесіне өтініш бере алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

5 ақпаннан бастап «Даму» қоры жаңартылған «Бірыңғай кешенді бағдарламаны» жүзеге асыра бастайды.

Кешенді қолдау шаралары кәсіпкерлікті қолдауға арналған бұрынғы бағдарламаларды жетілдірді және алты бағыт бойынша қолдау көрсетеді:

Микрокәсіпкерлік;

Шағын және орта кәсіпкерлік;

Өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласындағы шағын, орта және ірі кәсіпкерлік;

Моно және шағын қалалар, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік;

Әлеуметтік кәсіпкерлік;

Қор биржасы.

Бағдарлама бойынша субсидия немесе кепілдік алу үшін кәсіпкерлер online.damu.kz платформасы, egov.kz веб-порталы арқылы қашықтан немесе «Даму» қорының өз өңіріндегі филиалына өтінім бере алады.