Бүгін - нан күні

Бүгін - нан күні
Сурет: ашық дереккөз

16 қазанда Қазақстан халқы нан күнін атап өтеді. Бұл күн астық өнімдерінің мәртебесін нығайту мақсатында 2019 жылы Үкіметтің қаулысымен бекітілген, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Нан күнін шаруалар, ұн тартушылар, наубайшылардың да кәсіби мерекесі деуге болады.

Отандық шаруалардың еңбегінің арқасында еліміз айтарлықтай астық ресурстарына ие және азық-түлік нарығының маңызды қатысушысы болып табылады. Биылғы жыл нан өсірушілер үшін қиын болды. Алайда, барлық сын-тегеуріндерге, қолайсыз ауа райы жағдайларына қарамастан, Қазақстан ішкі нарықты бидайдың қажетті көлемімен толық қамтамасыз етіп, сондай-ақ өзінің экспорттық әлеуетінде сақтайды, деп жазды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Бүгінгі таңда республика бойынша астық жинау науқаны аяқталуда, жұмыстар 15,6 млн гектарға (90,2%) жүргізілді. Орташа өнімділігі 9,3 ц/га болған кезде диқандар 14,6 млн тонна астық бастырды.