Алматыда шағын маркеттен ұрлық жасаған азамат анықталды

Алматыда шағын маркеттен ұрлық жасаған азамат анықталды Сурет: Polisia.kz

Жетісу аудандық полиция қызметкерлері мүліктік қылмыс жасады деген күдікпен 30 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«И.есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оның дүкенге кіріп, тұрмыстық химия заттары бар сөрелердің жанында тоқтап тұрғаны белгілі болды. Онда күдікті күртесінің ішіне бірнеше бөтелке сусабын мен басқа да тауарларды жасырған. Мұны сауда алаңында орнатылған бейнебақылау камералары түсіріп алған. Күдікті бірден өз ісін мойындады. Оның жеке басы қаланың басқа аудандарында осыған ұқсас, бұрын жасалған қылмысқа қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.



ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22