Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Nur.kz

Қазгидромет 4 тамызда еліміздің көптеген қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады деп болжады.

Тек Алматы, Ақтөбе қалаларында, сондай-ақ түнде Атырау қаласында ауа сапасы біршама нашарлайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.