Ұшаққа қандай заттарды алып кіруге болмайды?

Ұшаққа қандай заттарды алып кіруге болмайды? Сурет: Tavelq.ru

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ұшаққа өзіңізбен бірге алуға болмайтын бірқатар заттың тізімін бекітті.


Ұшақ ішіне алып кіретен қол сөмкеге, енді сүрме, ерін далабы, тіс пастасын салуға тыйым салынды.  100 мл-ден асатын косметикалық сұйықтықтар, оған сусабын, иіс су, шашқа арналған гельдер, жақпа майларды бортқа алып кіруге болмайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұдан бөлек сусындар мен кез-келген сұйық тағамдарды тасымалдау үшін багаж алу міндеттелмек. Негізі құжат 2011 жылы күшіне енген, алайда нақты қандай заттарға тыйым салынатыны нақтыланбаған. Жаңа құжат енді 13 тамыздан бастап күшіне енеді.


«Нақтырақ айтсақ ерінге жағатын блеск для губ дейміз болмаса көзге жағатын тушь для ресниц дейміз оның бәрі бізге қол жүгінде алып жүруге болады.Айтылған заттар 100 млден аспау керек. Ең басты талап сол. Өйткені сұлулық салондары бар өздерімен бірге алып жүргілері келеді. Бұл жаңашылдықтар жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан нәрсе», - дейді Авиациялық қауіпсіздік департаментінің инспекторы Гүлнәр Айтмұханова. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет