Бүгін доллар бағамы сәл көтерілді

Бүгін доллар бағамы сәл көтерілді
Сурет: интернеттен

Мұнай бағасы төмендеді.

Қазақстан қор биржасының мәліметінше, доллардың орташа сараланған бағамы 0,96 теңгеге қымбаттап, 461,33 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 64,60 теңге (+0,28) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 501,38 теңге, рубльді 5,11 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 461,7-463,7 теңгеге, еуро 500,5-503,5 теңгеге, ресей рублі 5,05-5,19 теңгеге саудаланып жатыр.

Ал әлемдік мұнай бағасы 4 желтоқсандағы саудада төмендеді.

ICE Futures электронды саудасында ақпандағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 1,15%-ға төмендеп, барреліне 77,97 доллар болды.

NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстері 1,11%-ға арзандап, барреліне 73,25 доллар болды.