Бүгін Алматыда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Бүгін Алматыда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады
almaty-akshamy.kz

Бүгін Қазақстанның үш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«2023 жылғы 1 қарашада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Атырау, Шымкент, Алматы қалаларында күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.