Жаңбыр, қар, көктайғақ...

Жаңбыр, қар, көктайғақ...
almaty-akshamy.kz
"Қазгидромет" РМК 2023 жылғы 1 қарашаға ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Синоптиктер ұсынған мәлімет бойынша, тек республиканың батысы мен оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады.

"Республика аумағының басым бөлігінде атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжанды. Тек елдің батысында, оңтүстігінде антициклон жотасынан ауа райы жауын-шашынсыз болады", – делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, облыстың орталығында жаяу бұрқасын болады.